Ордабасы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ордабасы аудандық сотында «Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу, қолдану аясын кеңейту және пилоттық жобаны жүзеге асыру» бойынша дөңгелек үстел өткізді. Оған аудан прокуроры, заң кеңсесінің адвокаты, Қажымұқан ауыл округ әкімі, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері және «Ордабасы оттары» газетінің өкілі қатысты.

Дөңгелек үстел тақырыбы негізінде сот төрағасының міндетін атқарушы А.Қалықұл баяндама жасап, пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын және пилоттық жобаның міндеттері: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтті.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі