Ордабасы аудандық сотының төрағасы ауыл тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ордабасы аудандық сотының төрағасы Қ.Мұсаев Бадам ауылында ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге аудан маслихатының депутаттары, прокуратура, полиция өкілдері, ауыл әкімі, ақсақалдар, ұжым басшылары, медиаторлар мен ауыл билері қатысты.

Сот төрағасы өзінің сөзінде бүгінгі күнде сот саласында болып жатқан жаңалықтарға, оның ішінде бұйрық немесе қысқа шешім шығару шығарумен қаралатын азаматтық істерді қарау тәртібіне, қылмыстық істердің қарау ерекшеліктері туралы кеңінен мағлұматтар берді.

Сот төрағасы, сонымен қатар азаматтардың Қазақстан Республикасының „Медиация туралы“ Заңы негізінде сот төрелін жүзеге асыру мүмкіндіктерін және алқа билер құрамының құрылу тәртібін түсіндірді.

Кездесі барысында тұрғындарға сот кабинеті арқылы сотқа арыздар түсіру, сотта жүргізіліп жатқан бейне-аудио жазбаларды алу ережелері туралы айтылды.

Азаматтар сұрақтарына жауаптар алды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі