Ортақ мүліктен үлесін бөліп берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекші аудандық сотында талапкер Д.Е.-нің жауапкер Ц.А.-дан ортақ мүлктен  үлесін бөлу жайлы азаматтық іс қаралды.

Талапкер Д.Е. Шымкент қаласы, Ақназархан көшесінде орналасқан үйдегі ортақ мүлік - пәтердің ½ бөлігін бөліп беру туралы арызданған.

Істі қарау барысында 10.06.2014 жылы Ц.А.-дан талапкер Д.Е.-нің пайдасына 3 500 000 теңге өндіру жайлы Еңбекші аудандық сотының шешімі шыққаны белгілі болды. Алайда, Ц.А.-дан  бұл соманы өндіру мүмкіндігі болмауына байланысты талапкер Д.Е. ортақ мүлкінен өндіруді сұрап қайта арызданған.

Сот, ҚР АПК-нің 222-226 баптарының талаптарын басшылыққа алып, жоғарыда көрсетілген пәтердің ½ бөлігін бөліп беруге шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енбеген

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі