Ортақ мүлікті бөлуге қатысты дау сот медиациясы арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал аудандық сотында талапкер Н.С.-ның жауапкер Е.П.-ға ортақ мүлікті бөлу туралы туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптардан дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу мақсатында істі қараудағы судьяның өткізуі жөнінде өтініш түскен.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бойынша жауапкер Е.П. талапкер Н.С.-ға ортақ мүлік - 1996-жылы шығарырған «Mercedes-benz-1824» маркалы автокөлігіндегі үлесін ақшалай, яғни 2017 жылдан бастап жылына 500 000 теңгеден үш жыл мерзім ішінде  жалпы соммасы 1 500 000 теңге төлейді. Ал талапкер Н.С. өз кезегінде жауапкер Е.П.-ға талап қоюдан бас тартады.

 Соттың ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі