Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы әйеліне сыйламаушылық көрсету

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 10.12.2014 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Қ.Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-5-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасап, әйелімен бітімгершілікке келуіне байланысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 71-1-бабының 1-бөлігінің негізінде әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, ол жөніндегі іс өндірістен қысқартылды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында құқық бұзушы Қ.Ж. 2014 жылғы 27 қарашада сағат 00:30 минут шамасында алкогольмен мас күйінде өзінің тұрғын үйінде әйелі А.А-ны.былапыт сөздермен балағаттап, ар-намысын кемсітіп, жанұя тыныштығын бұзғандығы анықталған.

Сотта құқық бұзушы Қ.Ж. өзінің айыбын толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын  көрсетті.

Сотта жәбірленуші А.А. өзінің күйеуімен бітімгершілікке келуіне байланысты К.Ж.-ны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Баспасөз қызметі