Отбасының тыныштығын бұзғаны үшін 6 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 1 наурызында Түркістан қалалық сотының судьясы С.Абсаматов алкогольдік масаң күйде отбасының тыныштығын бұзған азаматқа қатысты  әкімшілік істі қарады. 

Құқық бұзушы М.С. масаң күйде әйелі А.С.-ға орынсыз тиісіп, ауыр сөздермен балағаттап, отбасының берекесін қашырып, тыныштығын бұзған. Ол бұл әрекеттерді 1 жыл ішінде қайталағаны үшін сот қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2- бөлігімен 6 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Ішкі істер органдарының өтініші бойынша құқық бұзушыға М.С.-ның 1 ай мерзімге мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, жәбірленушінің еркіне қарамастан оны іздестіруге, ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынды. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі