Өз жерлесін өлтірген Өзбекстан Республикасының азматы 9 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әл-Фараби аудандық сотында мас халде өзінің жерлесі М.-ны өлтірген Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, бұл азаматтар Өзбекстан Республикасынан Шымкент қаласына жұмысқа келген. 2017 жылғы 25 мамыр күні кешкі уақытта сотталушы Р. мен жәбірленуші М. Түркістан көшесінде орналасқан құрылыс алаңында жұмыстан соң спирттік ішімдік ішіп отырғанда, араларында жанжал туындап, сотталушы Р. қолындағы асхана пышағымен жәбірленуші М.-ны ұрған. Жәбірленуші М. алған дене жарақаттарынан есіне келмей, қайтыс болған.

Сотта сотталушы Р. өзінің кінәсін толығымен мойындаған.

Сот үкімімен сотталушы Р. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі