Өзбекстан азаматтары қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өзбекстан Республикасының азаматтары С.Оринов, Х.Худайберганов, Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық сотының 20.06.2014 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 394-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жауаптылыққа тартыла тұра, қайталап, Қазақстан Республикасынан, тіркелу көші-қон карточкасында көрсетіліп белгіленген мерзімде қайтып кетуден жалтарған.

06.11.2014 жылғы сот қаулысымен С.Оринов пен Х.Худайберганов Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 394-бабының 4-бөлімімен 2 (екі) тәулікке қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылды.

ОҚО сотының баспасөз қызметі.