Пара беріп ұсталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 20.03.2014 жылғы үкімімен Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі Істер Департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болып қызмет атқарып келген Сапарбеков Сеитжан Муталиевич Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 312-бабы 4-бөлігінің «а,б» тармақтарында, 307-бабының 2-бөлігінде, 251-бабының 2-бөлігінде, 28-бабының 5-бөлігінде,  252-бабының 2-бөлігінде және 348-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін, яғни адамдар тобы болып алдын ала сөз байласып, ірі мөлшерде пара беру, лауазымды адам бола тұра қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, адамдар тобы болып алдын ала сөз байласып қаруды заңсыз жасауға көмектесу, қылмыстық іс бойынша ауыр қылмыс туралы айғақтарды бұрмалау бойынша айыпты деп танылып, оған осы баптар негізінде мүлкі тәркіленіп 9 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу, 3 жылға  ішкі істер органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сапарбеков Сеитжан Муталиевич, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам бола тұра, өзіне немесе басқа адамдар үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында, лауазымды адам бола тұра қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі түрде бұзуына әкеп соқтырған әрекет жасаған, яғни, заттай айғақ ретіндегі атыс қаруының жоғалу дерегі бойынша өзінің қол астында жұмыс істейтін ОҚО ІІД ҰҚҚҚБ-ның жедел уәкілі А.Ормановтың пайдасына дұрыс шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының аға прокурорына 10 000 АҚШ долларын пара ретінде беріп, атыс қаруын заңсыз жасауға жәрдемдесіп, атыс қаруын заңсыз алып, сақтап, тасымалдап, қылмыстық іс бойынша ауыр қылмыстар туралы айғақтарды бұрмалаған.

 

 

                                                                        Еңбекші аудандық сотының

                                                                                               баспасөз қызметі