Әпкесін балағаттағаны үшін сот алдында жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 22 қаңтар күні Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен отбасында ұрыс-жанжал шығарған Т. атты азамат 3 тәулікке қамалды.

2014 жылдың 17 қаңтарында сағат 21:00 шамасында ол өзінің үйіне мас халде келіп, үйіндегі әпкесімен ұрысып қалған. Жанжал барысында құқық бұзушы әпкесін түрлі ар-намысына тиетін былапыт сөздермен балағаттаған.

Сот барысында Т. өзінің жасаған әрекетіне өкініп, әпкесінен кешірім сұрады. Ол болған оқиға спирттік ішімдіктің кесірінен болғанын, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып, соттан қатаң жазаламауды сұрады.

Ал жәбірленуші С. өзін інісінің ешқандай себепсіз балағаттап, ар-намысын таптағанын және оны кешірмейтінін айтып, оған заңмен белгіленген жаза беруді сұрады.

Сот іс-құжаттарын толық зерттеп, прокурордың қорытындысын тыңдап,  оның жасаған іс-әрекеті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1-бөлігімен дұрыс сараланған деп танып, Т.-ға осы баппен 3 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Шымкент  қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі