Пневматикалық қарудан оқ атқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 09.02.2017 жылы кәмелетке толмаған Б.Ж. Мақтаарал ауданы, Асықата кентінде үйінің ауласында сауысқан құсын атамын деп, өзінің әкесі Е.М.-нің «НATSAN MOD 33» моделді, 4,5 мм. калибірлі пневматикалық қаруымен абайсызда өзінің туған інісі кәмелетке толмаған Б.Е.-нің көкірек тұсынан атқан, яғни құқық бұзушы Е.М.-нің кәмелетке толмаған балалары елдi мекенде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пневматикалық қарудан оқ атқан.

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Е.М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың осы бөлігімен ескерту жасалып, іс бойынша айғақты зат пневматикалық қару мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі