Прокуратура қызметкері автомобильді мас халде басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 23.06.2017 жылғы қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура басқарамсының аға прокуроры Н.Полатов Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Істі қарау барысында Н.Полатов  06.05.2017 жылы Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы бойында 01 сағат 30 минут шамасында, маркасы «Toyota camry» мемлекеттік нөмірі 055WNA13 автокөлігін алкогольмен  масаю күйінде басқарғаны анықталды.   

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі