Сарыағаш аудандық сотында «Медиацияның мақсаты-бітімгершілік» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш аудандық сотында сот төрағасы мен судьялардың, Сарыағаш ауданының №2 аудандық соттың судьяларының, аудан әкімдігі өкілінің, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, мемлекеттік органдар басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Медиацияның мақсаты ‒ бітімгершілік» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Аудандық соттың төрағасы Т.Машрапов семинар сабағының барысында қатысушылардың назарын медиацияның сот төрелігін атқарудағы ыңғайлы бағыттардың бірі екендігіне аударып, ауданда татуластыру рәсімдерін қолдануды дамытуға аудандық соттың қосқан үлесі туралы және Медиация рәсімдерін кеңінен қолдану тараптар үшін маңызды екенін атап өтті.

Кәсіби медиаторлар тақырыбында баяндамаларын оқыды.

Семинар сабағының қатысушыларына жаңа Азаматтық процестік кодекске сәйкес медиациядан бөлек партисипативтік рәсім туралы да айтылды.

Семинар сабағына қатысушылар осындай іс-шаралардың өткізілгені, дауларды сотқа жеткізбей ақ бітімгершілікпен шешу мәселесін тиімді пайдалануы жұмысты оңтайландыра түсетіндігін атап өтті.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі