Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында 2013 жылы атқарған жұмысының қорытындысы туралы баспасөз маслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

29.01.2014 жылы Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында 2014 жылдың І-жартыжылдығына арналған іс-жоспарға сәйкес 2013 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатына Оңтүстік Қазастан облыстық сотының баспасөз хатшысы Қ. Дүйсенби, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің, Республикалық «Қызмет» газетінің, «Сарыағаш» қоғамдық саяси газетінің, «Сәт» телеарнасының өкілдері, сондай-ақ, аудандық «Сәт» газетінің редакторы қатысты.

Жыл қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз маслихатында аудандық соттың төрағасы Ж.Мақұлбаев соттың 2013 жылы атқарған жұмыстары жөнінде жан-жақты мағлұмат берді. Сондай-ақ, баспасөз маслихатына қатысушылар Қазақстан Республикасы судьяларының VI сьезінде қабылданған шаралар бойынша да туындаған сұрақтарына аудандық сот төрағасы Ж.Мақұлбаевтың тарапынан толыққанды жауаптар алды.

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі