Сату-сатып алу келісім шарты бойынша төленген сома өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал аудандық сотында талап қоюшы Г.Р.-ның жауапкер М.К.-дан сату-сатып алу келісім шарты бойынша төленген соманы  өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы арызында жауапкер М.К.-дан 3 000 000 теңге қарызын, келісім шартқа төленген 23 784 теңгені, төленген 30 238 теңге мемлекеттік бажды, барлығы 3 054 022 теңге өндіруді сұраған.

Сотта анықталғандай, жауапкер М.К. сатып алу-сату келісім шарты бойынша төленген 3 000 000 теңгенің 1 415 000 теңгесін талап қоюшы Г.Р.-ға 13.06.2017 жылғы тілхат бойынша қайтарған. Талап қоюдың қалған 1 600 000 теңгесін мойындап, бұл жөнінде сотқа жазбаша арыз берген.

Сондықтан, сот талап қоюшының талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына жауапкер М.К.-дан 1 600 000 теңге және төленген 16 000 теңге мемлекеттік баж, барлығы 1616 000 теңге өндірді.

Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі