Сайрам аудандық соты 2014 жылғы атқарған жұмыстары қорытындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  Сайрам аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз маслихаты өткізілді. Іс-шара барысында  сот төрағасы Б.Тыныбеков тілшілерге өткен жылдағы сот төрелігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы толыққанды ақпарат берді.

Сондай-ақ, жиында 2015 жылдың 1-қаңтарынан заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  және  Қылмыстық-процестік кодекстерінің новеллалары талқыланды.

Ал,  2015 жылы  соттың өндірісіндегі істерді сапалы, әрі жедел қарауды қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуде жаңа инновациялық технологияларды кеңінен қолдану, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысты нығайту басым бағыттар болып белгіленген, - деп атап көрсетті. 

Мәжіліс соңында БАҚ өкілдерінің әртүрлі сұрақтары тыңдалып, Б.Тыныбеков көкейде жүрген көптеген сұрақтарына жауап берілді.

Қайнар: 
Сайрам аудандық сотының баспасөз қызметі