Сайрам аудандық сотында жекелеген санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 27 ақпанында Сайрам аудандық сотында «Дауларды жекелеген санаттарымен дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Семинар сабағына Сайрам аудандық жеке сот  орындаушыларының бөлімінің басшысы Т.Биболов,  аудандық АХАТ бөлімінің менгерушісі  Э.Ахмедова, қоғамдық келісім бас маманы Б.Алдашев, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Сайрам ауданының жеке нотариусы Г.Матова, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – жер кадастр ғылыми – өндірістік орталығы» департаментінің  аудандық бөлімшесінің,  аудандық жеке сот  орындаушылары бөлімінің «Сайрам аудандык ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, аудандық Әділет басқармасының және аудандық Заң консультациясының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында төрағалық етуші С.Құрбанов баяндама жасап ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының Өкімімен бекітілген «Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаның  мақсаттары мен қағидаттары туралы айтып берді.

Аудандық соттың бас маманы Е.Мауленов пен Сайрам аудандық кәсіби медиатор Ж.Жиенбекова пилоттық жобаның міндеттері туралы түсіндіре келе, қатысушыларды пилоттық жобаны іске асыруға үлес қосуға шақырды.

Семинар соңында  қатысушылардың өзара пікір алмасуынан кейін төрағалық етуші С.Құрбанов  тақырыпқа байланысты қойған сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі