Сайрам аудандық сотының ұжымы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Наурыз мерекесімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесі қарсаңында Сайрам аудандық сотының ұжымының бастамасымен Сайрам ауданы Көмешбұлақ ауылында орналасқан «Бауыржан» атындағы отбасылық негізіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мерекелік шара кезінде балаларға арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, наурыз дастарханы жайылды.   

Жиын соңында мекеме басшысы  С.Нүрпейісов тәрбиеленушілер мен ұстаздар атынан Сайрам аудандық сотының ұжымы мен сот төрағасы Б.Тыныбековке алғысын білдіріп, қызметтеріне жеміс тіледі.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі