Шетел азаматына айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы С.М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 34 035 теңге айыппұл салынды.

Іс материалдары бойынша құқық бұзушы С.М. Өзбекстан  Республикасының азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасына 01.08.2016 жылы келіп,  визасыс, көші-қон карточкасында ешқайда тіркеуде тұрмай осы күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрып жүргені анықталған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі