Шетелдің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен  5 шетелдік   азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Іс материалдарына сәйкес бұл азаматтардың  әрекеттерінде  шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, республика аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамау түріндегі құқықбұзушылық белгілері байқалды.

Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәларын толық мойындап, хаттамадағы мән-жайды растап, өкініш білдіріп, қатаң жазаламауды өтінген.

Сот қаулысымен құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Сот қаулылары заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі