Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында «ашық есік» күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында сот  төрағасы Е. Рахманберді азаматтардың өздерін толғандырып жүрген сұрақтары  бойынша «Ашық есік» күнін өткізіп  азаматтарды қабылдады. Келген азаматтарға қолданыстағы заңнын талаптары жан – жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, ашық есік күніне Жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің заң факультетінің 3-курс студенттері қатысып, соттағы қаралып жатқан қылмыстық, азаматтық істердің қаралу барысы туралы, Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылғаны, электронды талап арыз беру, азаматтық істерді тіркеу, талон беру жұмыстарымен танысып, болашақ мамандар қылмыстық іс бойынша сот отырысына қатысты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.