Әскери тәртіпке бағынбаған жауынгер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 23.06.2016 қаулысымен Шымкент қаласы №6506 Әскери бөлімінің Автомобильдегі жедел мақсаттағы ротасының сарбазы қатардағы жауынгер Н.Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында құқықбұзушы Н.Н.  22.05.2016 жылғы  сағат 10:10-да қатардағы жауынгер Н.М.-ның «жуыну бөлмесіне тазалық жұмыстарын жүргізу» туралы бұйырығын орындамағаны анықталды.

Сотта  құқық бұзушы  Н.Н. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты.

Қаулы заңды күшіне енбеген 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі