«Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Арыс аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараға Арыс аудандық ІІБ-нің, Арыс стансасындағы желілік ІІБ-нің, аудандық прокуратура қызметкерлері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, жергілікті «ART» телеарнасының, «Арыс ақиқаты», «Шалқар шыңдары» газеттерінің тілшілері қатысты.

Аудандық соттың төрағасы А.Ертаев дөңгелек үстел барысында жасаған баяндамасында орындалмаған сот актілері туралы, оның ішінде мемлекет пайдасына өндірілетін сомалар, айғақты заттарды жою, мүлкін тәркілеу туралы статистикалық деректерді келтірді. Сот актілерінің орындалу барысында туындайтын мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша сот актілерін орындау барысында  бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жұмысты жандандырып, тиісті шаралар қолдану қажеттілігі ұсынылды

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі