Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен айыпталған құқық бұзушы С.А.-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Іс-құжаттарына сай құқық бұзушы С.А. 29.08.2013 жылдан бастап Кентау қалалық сотының өндіруші А.Т.-ның пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған.

Кентау қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы С.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі