Сот актісін орындамау салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны И.С. Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 669-бабымен айыпты деп танылып, ол осы баппен оған жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 42 420 (қырық екі мың төрт жүз жиырма) теңге айыппұл салынған.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында, И.С. «Dias Company» ЖШС-нің директоры бола тұра, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 09.06.2016 жылғы «Dias Company» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 5 099 492 теңге құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 39-бабына сай екі ай мерзім ішінде сот орындаушысының бірнеше рет берілген ескертулерінен нәтиже шығармай, өндірілген соманы төлемегені, яғни сот қаулысын орындамағаны анықталған.

Сотта түсінік берген құқық бұзушы И.С. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі