Сот актісін орындамаудың салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен К.Х. Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 669-бабымен айыпты деп танылып, 2  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынған.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында, Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының 14.07.2016 жылғы № 2-3004/16 санды атқару парағына сәйкес, құқұқ бұзушы К.Х. Ф.И.-дің пайдасына  1 534 200 теңге төлеуге тиіс.

Алайда, сот актісін орындау жөнінде ұсыныс берілсе де К.Х. оны орындамағандығы анықталды.

Сотта түсінік берген құқық бұзушы К.Х. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты.

Қаулы заңды күшіне енбеген

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар