Сот бұйрығын орындаудан жалтарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азамат А. сот актісінің талаптарын орындаудан жалтарғаны үшін 3 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Ол Шымкент қаласының Абай аудандық сотының 20.02.2013 жылғы бұйрығы негізінде  өндіріп алушы А.-ның пайдасына жалақысынан немесе өзге де  барлық табыстарының 1/3 бөлігін алимент ретінде төлеуге мідетті болған. Алайда,  құқықбұзушы А. сот бұйрығын орындаудан қасақана  жалтарған.

Сотта А. өз кінәсін толық мойындап, өзінің атқару парағын орындамау себебін өзінің уақытша жұмыссыз екендігімен түсіндірді.                                Сот А.-ның кінәсі ҚР ӘҚБтК-нің 524-бабымен дұрыс сараланған деп есепеп, ол сот актісінің талаптарын орындаудан қасақана жалтарғандығы үшін 3 тәулік әкімшілік қамауға алды.

Қаулылар заңды күшіне енген.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі