Сот қызметін үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға жарияланған конкурс қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы мен Қазақстан Журналистер одағы және «ӘДІЛ СӨЗ» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының жыл басында ұйымдастырған облыс соттарының қызметін баспасөз беттерінде үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға жарияланған конкурс қорытындыланды.

Қазылар алқасы конкурсқа түскен материалдарды сараптау барысында сот жүйесінің қызметін айқындаған материалдың сапасына, оның  көкейтестілігі мен мәнділігіне көңіл аударды.

Конкурстық комиссияның шешімімен, конкурқа қатысқан журналистер арасында 1-ші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы соттарының қызметі туралы басылымдарда 34 мақаласы жарық көрген «ЗАҢ газетінің» облыстағы тілшісі Шадияр Мекенбайұлы, 2-ші орынды «Южный Казахстан» облыстық газетінің тілшісі Татьяна Корецкая, ал, 3-ші орынды «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының редакторы Төребек Байтас иеленді.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 15 желтоқсаны күні, Тәуелсіздік мерекесі күніне орай облыстық сот ғимаратында болатын салтанатты жиын барысында өтетін болады

Қайнар: 
Пресс-служба Южно-Казахстанского областного суда