Сот медиациясы туралы пилоттық жоба бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бәйдібек аудандық сотының ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданының әкімдігінің мәжіліс залында «Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудан әкімдігінің қызметкерлері, ауыл әкімдері, жеке сот орындаушылар, нотариустар, кәсіби емес медиаторлар, БАҚ өкілдері қатысты.

Бәйдібек аудандық сотының төрағасы А.Бекназаров пилоттық жобаның мақсаты – даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын, негізгі міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын айтып өтті.

Іс-шараға қатысушылар пилоттық жобаны толықтай қуаттап, аталған жобаның табысты жүзеге асуына жауапкершілікпен қарау қажеттігіне тоқталды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі