Сот моральдық зиян өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Абай аудандық сотына талапкер Е.М. жауапкер К.А.-дан материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызымен жүгінген.

Талап қоюшы өз талаптарында, жауапкер өз автокөлігін жүргізіп келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан жұбайы Е.Б. мен қызы С.Ж.-ны қағып кетіп, оқиға болған жерден қашып кеткенін, жұбайы Е.Б.-ның сол жерде қайтыс болғанын, ал қызы С.Ж.-ның жарақат алып, ұзақ уақыт бойы ем қабылдағанын көрсеткен. Бұған дейін сот үкімімен жауапкер кінәлі деп танылған. Бақытсыз жағдайдың нәтижесінде талапакердің отбасы жерлеу рәсімдеріне шығындалған, сондықтан талапкер жауапкерде 943 272 теңге мөлшерінде материалдық шығын және 5 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіруді сұраған.

Сот іс құжаттарын зерттеп, талапкердің талабын ішінара қанағаттандырып, 26 495 теңге материалдық және 500 000 теңге моральдық зиян өндірді.

 Шешім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі