Сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 11 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен сотталған Ә.Жұмановаға қатысты шығарылған Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, А.Жұманова араларында туындаған бас араздығына байланысты жанжал салдарынан ұзақ уақыт бойы күйеуінің тағамдарына және түрлі азықтарға психотропты зат қосып беріп, оның өліміне себепкер болғаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 09.09. 2014 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Қаулы заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазастан облыстық сотының баспасөз қызметі