Сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Б.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталған Б.А. жәбірленуші З.Б.-ға күш қолданып, өміріне қауіп төндіріп, аса ірі мөлшерде 1 000 000 АҚШ долларын талап еткен.

Б.А. аталған соманың бір бөлігін  жәбірленушіден қолма-қол алып жатқан кезде, құқық қорғау органдарымен ұсталған.

Сонымен қатар, Б.А.-ның үйінде тінту барысында үш дана жарақат салатын патрондарымен ату мүмкіндігі бар тапаншалар табылып алынған.

Б.А. соттың үкімімен ҚК-нің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен және ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті мүлкі тәркіленіп 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі