жм, 07/03/2014 - 15:00
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
03.02.2014 жылы Түркістан қалалық соты ұсақ бұзақылық жасаған құқық бұзушы Х.С.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Ол 2013 жылы желтоқсан айының 14 күні сағат 10.30-дар шамасында Түркістан қаласы Жаңа Иқан ауылы Бостандық көшесінің бойында К.Б. деген азаматқа былапыт сөйлеу арқылы оның ар-намысына тиген, яғни, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып сыйламаушылық білдірген.
Сотта Х.С. өз кінәсін толық мойындады және ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 5556 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Түркістан қалалық сотының баспасөз қызметі