Сотқа құқықтарының бұзылғаны жөнінде дәлел ұсынбаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотына талапкерлер И.С., Е.С., М.С., Е.С. жауапкерлер А.А., Е.Ж., Е.Ж., Е.Ж. ортақ меншіктегі жер телімін пайдалану тәртібін анықтап беру туралы талап арызымен жүгінген.

Талапкерлер даулы жер теліміне қандайда құқықтары бұзылғаны жөнінде дәлел ұсынбауына байланысты, сотпен талапкерлердің талап арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Талапкерлердің сенімді өкілі А.К. аталған сот шешімімен келіспей апелляциялық шағым келтірген. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Сот шешімі заңды күшіне енген. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі