Соттар әкімшісінде «Сот кабинеті» сервисі, электронды атқару құжаттары, ДБЖ (АВФ) жазба жүйесін қолдану және азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің ұйымдастыруымен облыстың жергілікті соттарының кеңсе меңгерушілері және мамандарының қатысуымен «Сот кабинеті» сервисі, электронды атқару құжаттары, ДБЖ (АВФ) жазба жүйесін қолдану және азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары бойынша» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды облыс Соттары әкімшісі басшысының орынбасары Н.Уразғалиева төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Облыстық соттың кеңсе меңгерушісі П.Сафарбаева 2017 жылдың екі жарым айындағы облыс соттарының «Сот кабинеті» сервисі мен соттарға түскен талап арыздардың, жүгінулердің, талап тілектердің және басқа да құжаттардың электронды түрде уақытылы тіркелуі, сондай-ақ жүгінулерге заңда көзделген уақытта, кешіктірмей жауап беру қажеттілігіне тоқталды.

Талдау бөлімінің бас маманы Ә.Тұрғымбеков, облыс соттарының ағымдағы жылдың екі айында заңды күшіне енген сот актілерін орындауға электронды форматта жолдау жағдайын баяндап, осы мерзімде электронды нысанда барлығы 6187 атқару құжаттары орындауға жолданып, олардың 707-сі немесе 11,4 пайызы сот орындаушылар тарапынан кері қайтарылғанын және соттардың бұл бағыттағы жұмысты жандандырып, атқару құжаттарын толық электронды түрде жолдауға қол жеткізу қажеттігін айтып өтті.

Осы бөлімнің бас маманы С.Бұймаханова облыс соттары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарға тоқталып, аталған мерзімде мұндай 6 шағым түсіп, оның біреуі қуатталғанын, ал 4 шағымның дәлелін таппағанын және 1 шағымның қаралу сатысында екенін айтып, шағымдарды азайтуға бағытталған пәрменді шаралар көру керек деді.

Н.Уразғалиева облыс соттарының сот процестерінде жаңа үлгідегі ДБЖ (АВФ) жазба жүйесін қолдану жағдайы мен оны қолдану Ережелерінің талаптарына түсіндірме берді.

Семинарға қатысушылар талқыға салынған барлық мәселелер бойынша белсенділік танытып, өзара пікірлер алмасып, семинардың жемісті өтуіне үлестерін қосты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі