Соттардың жаңа төрағалары мен судьялары таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 маусымдағы №499 «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығына сәйкес, ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне бұған дейін Қазығұрт аудандық сотын басқарған Қоңырбаев Қанатбек Досайұлы, Бәйдібек аудандық сотының төрағасы қызметіне Қарақұлов Ермек Жаңабайұлы Түлкібас аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Отырар аудандық сотының төрағасы қызметіне Жанасов Әкімбек Амалбекұлы осы аудандық соттың судьясы қызметінен босатыла отырып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметіне Бекназаров Әбдіғаппар Өсербайұлы Бәйдібек аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.

Бүгін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы З.Пірнияз Бәйдібек, Отырар аудандық соттарында, азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық және Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарында болып, жаңа төрағалар мен судьяларды ұжымдарға таныстырды.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық сотының төрағасы О.Серікбаев осы соттың судьясы қызметіне тағайындалған Бекботаев Абай Бердәліұлыны сот ұжымына таныстырды.

Басшылар жаңа төрағалар мен судьяларды жауапты қызметтерімен құттықтай отырып, оларға жүктелген міндеттерді әділдік пен бейтараптылық қағидатын ұстана отырып, жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар