Созақ аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту және қолжетімділігін арттыру мақсатында Созақ аудандық сотының төрағасы Н.Шетенов Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппаратында «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс шара барысында қатысушылар сот төрағасына өзекті мәселелер бойынша жүгінді.

Кездесу соңында төраға сұрақтарға жауап беріп, заң талаптарын түсіндірді.

Сотқа келушілерге Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларына сай түрлі санаттағы азаматтық істер бойынша талап арыздар, өзге де арыздар мен сот істерін қарау тәртібі түсіндірілді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі