Созақ аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық сотында «Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер және әкімшілік хаттама толтыру кезінде жіберілген заң бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудандық прокуратура және Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, әділет басқармасының басшысы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың талаптарын сақтау, заңның өрескел бұзылуын алдын алу.

Жиында баяндама жасаған судья Б.Л.Сагинтаев отбасы – тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге байланысты қаралған істер тәжірибесін және көрсетілген санаттағы істер бойынша сот практикасына талдау жасады.

Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  хаттама толтыру кезінде жіберілген заң бұзушылықтарға қатысушылардың назарын аударды.

Созақ аудандық сотының төрағасы Н.Б.Шетенов 2017 жылдың осы кезеңіне дейін қаралған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде уәкілетті тұлғалар жіберетін заң бұзушылықтарға судьялармен шығарылған жеке қаулылар бойынша тоқталып өтті.

Қатысушылар, дөңгелек үстел нәтижесі бойынша бірлесе отырып, хаттаманы толтырған кезде аталып өткен кемшіліктерді болдырмау және істерді сотқа жолдау барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың талаптарын қатаң сақтау туралы тұжырымға келді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі