Созақ аудандық сотында сот атқару құжаттарын орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық сотында «Атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» (АІЖО ААЖ) арқылы жіберетін сот атқару құжаттарын орындауға қатысты түйткілді мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьялары, жергілікті заң консультациясының қорғаушылары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, аудандық прокуратура мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аудандық соттың судьясы Б.Сагинтаев іс-шарадағы баяндамасында атқарушылық істер бойынша санкциялау кезінде орын алып жатқан кемшіліктерге тоқталды.

Сонымен қатар, жиында жеке  сот орындаушы Н.Дилдабеков сот актілерінің орындалуы туралы баяндама жасады.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі