Спирт сатамын деп тұтылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

     Қазығұрт аудандық сотында сотталушы Б.Қ.-ның экономикалық контрабанда жолымен тікелей қылмыс жасауға оқталған іс-әрекеттеріне байланысты іс қаралды.

    Іс материалдары бойынша, Б.Қ. 2013 жылғы 4 желтоқсан күні Шымкент қаласының «Самал» базарында бейтаныс азаматтан сыйымдылығы 1,5 литрлік 2700 дана желім ыдысқа құйылған, жалпы мөлшері 4050 литр этил спиртін сатып алған. Ондағы мақсаты - осы спирттің барлығын Өзбекстан Республикасына алып өтіп, сол жақта сатып, пайда табу болған.

   Спирт құйылған ыдыстар салынған қаптарды жалдап алған автокөлікке тиеп, экономикалық контрабанда жолымен, яғни Өзбекстан Республикасына кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын түрде өткізу мақсатында келе жатқанда кезінде ОҚО және Қазығұрт аудандық Салық басқармасының, Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының қызметкерлері тарапынан Қазығұрт ауданы «Қызыл ту» бекетінде ұсталып, ісі сотқа жолданған.

    Сот Б.Қ.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен,24-бабы 3-бөлігі арқылы 209-бабы 1-бөлігіндегі көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған ҚР ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігінің талабы қолданылып, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 92 600 теңге айыппұл салынып 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.         Айғақты зат - 4050 литр этил спирті мемлекетке тәркіленді.

           Үкім заңды күшіне енген

 

      Қазығұрт аудандық сотының баспасөз қызметі