Судьялыққа кандидаттар үшін қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұл түзетулер 2017 жылғы 14 шілдеден бастап күшіне енді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, судьялыққа кандидаттар үшін жас шектелімі отыз жасқа дейін жоғарлатылды. Сонымен қатар, тағылымдамадан және полиграфологиялық зерттеуден өту талаптары жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды.

Бос судья лауазымдарына конкурсқа қатысушылардың барлығы құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің және облыстық сотттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алуға тиіс. Егер облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушы өзі судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын болса, конкурсқа қатысуға жіберілгеннен кейін облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын қайта алуға тиіс емес. Сондай-ақ, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар да Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алудан босатылады.                   

Ал судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған, сондай-ақ судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы берілген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі