Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында аудан прокуратурасының прокурорының, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі мен сот қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сол бағытта жұмысты күшейту мәселесі бойынша семинар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы Е.Рахманберді жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сот отырысының хатшыларына сотта қаралып жатқан азаматтық және қылмыстық істер бойынша тараптармен, үшінші тұлғалармен процессуалдық емес қатынастарды болдырмау туралы ескертті.

Сонымен қатар, қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шараларын өткізуді сот приставтарына тапсырып, сотта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәртіп пен қауіпсіздік сақтау шаралары барысында сот приставтарының жауапкершілігін ерекше атап өтті. 

Семинар сабағының соңында сот төрағасы сот ғимаратына келушілерді арнайы теміріздегішпен тексеріп кіргізіп,  «Жергілікті соттар ғимаратындағы өткізу және Ішкі объектілік тәртіп туралы» Ереже талаптарын орындауды қатаң ескертіп, күндізгі және түнгі уақыттағы өткізу пунктінің жұмысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі