Талап қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талапкер «Астана су арнасы» РМК ШЖҚ-ның жауапкер ЖК М..Ж.-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызы толығымен қанағаттандырусыз қалдырылған.                  

Талапкер Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 12-бабы 4-тармағының 3) тармақшасының талабын бұзып, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактiсi туралы өзiне белгiлi болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiріп  сотқа жүгінген.

Яғни, мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қою арызын, сотқа тек 19 ақпан 2016 жылы тапсырған.

Сот іс бойынша жинақталған құжаттарын зерттеп, талап арыз қанағаттандырылуға жатпайды деген тұжырымға келген.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі