Талап қою мерзімінің өтуіне байланысты талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында талап қоюшы «F.» ЖШС-нің жауапкер П.Т.-дан қарыз шарты бойынша соманы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкер П.Т. мен «А.» АҚ-ның арасында 22.02.2007 жылы 782 323 теңге несие алғаны туралы келісім шарт жасалған. Шарттың талаптарына сәйкес алған несиені жауапкер сыйақысымен қоса қайтаруға міндеттеме алған. Алайда, ол қазіргі күнге дейін несиені қайтармастан, сыйақы мен негізгі қарызды қосқандағы берешегі 1 362 227 теңгені құраған.

24.10.2011 жылы «А.» АҚ-ның жауапкер П.Т.-дан қарызды өндіруді талап ету құқығы талап қоюшы «F.» ЖШС-не өткен. Алайда, талап қоюшы сотқа талапты 17.06.2017 жылы ғана ұсынған.

Сот отырысында талап қоюшының өкілі 10 жылдан астам уақыттан бері сотқа талап арызбен жүгінбегенін қуаттады. Жауапкер талап арызды мойындамай, талап қою мерзімінің өтуіне байланысты талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы өтінішхат жолдады. Қазақстан Республикасының АК-нің 178-бабының талаптарына сәйкес талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленген.

Соттың шешімімен талап қоюшы «F.» ЖШС-нің жауапкер П.Т.-дан 1 362 227 теңгені және мемлекеттік баж салығы ретінде төлеген сот шығыны 40 867 теңгені өндіру туралы талабы талап қою мерзімінің өтуіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды.

 Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі