Тараптар арасындағы дау бітімгершілікпен аяқталды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

         Ордабасы аудандық сотымен И., деген азаматтың Б., деген азаматтан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

         Сотпен анықталғанындай,  жауапкер Б., деген азамат И., деген азаматқа алған қарызын уақтысында қайтармағандықтан, соңғы жауапкерден негізгі қарызды, айып – пұлды, сот шығынын, жалпы 112 000 теңге өндіруді сұраған.

         Сотта тараптарға құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде істі бітімгершілікпен аяқтаудың салдары түсіндірілген соң, тараптар өз – ара бітімгершілікке келді.

         Тараптар арасында түзілген бітімгершілік сотпен қабылданып, іс өндірістен қысқартылды.

Қайнар: 
ОҚО баспасөз қызметі