Тараптар келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекші аудандық сотында талапкер К.М.-ның жауапкерлер О.Г.-ны кәмелетке толмаған балаларымен пәтерден шығару туралы жазған арызы бойынша қозғалған азаматтық іс қаралды.

Алайда, О.Г. аталған пәтерге меншік құқығын тану туралы қарсы талап қойған.

Істі қарау барысында тараптар кәсіби медиаторлардың қатысумен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасап, келісімді бекіту туралы сотқа арыз берді.

Еңбекші аудандық соты талапкер К.М. жауапкерді кәмелетке толмаған балаларымен пәтерден шығару туралы талабынан бас тартып, жауапкер О.Г-дан 1 200 000 теңгені алып, пәтерді өз еркімен О.Г.ға рәсімдеп беру туралы келісіміне ұйғарым шығарды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі