Темекі қалдығын тастағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық сотының 24.06.2016 жылғы қаулысымен құқық бұзушы А.С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.

Іс-материалдары бойынша құқық бұзушы А.С. Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы бойында орналасқан «Береке» базарының маңында темекі шегіп, оның қалдығын белгіленбеген орынға тастап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 21210 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі