Төлеби аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Акция аясында сот төрағасы Б.Кәрім, судьялар Г.Жанысбаева, Н.Смайлова, медиатор М.Таласұлы азаматтардың жер даулары, алименттерді төлеу, материалдық және моральдық шығынның орнын толтыру және медиацияны қолдану тәртібі мен салалары туралы қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот ғимаратының дәлізінде азаматтарға ыңғайлы болуы үшін талап арыздардың үлгілері, талап арызды электронды түрде беру туралы моноблок, «Медиация туралы» Заңның нормалары туралы стенділер ілінген. Сонымен қатар аудандық сот судьялары баспасөз беттеріне медиация тәртібімен азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қараудың мысалдары туралы мақалаларды жариялайды.

Сот органдарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында көшпелі сот отырыстары, сондай-ақ аудан халқына дау жанжалдарды медиация жолымен шешудің процедуралары мен артықшылықтарын түсіндіру үшін көшпелі кездесулер өткізіледі.

Атқарылған істердің нәтижесін, яғни медиация тәртібін қолдану жолымен аяқталған істердің саны артқанын статистикадан байқауға болады.

Атап айтқанда, 2016 жылдың 9 айында медиация тәртібімен 40 азаматтық іс аяқталған,  ал 2017 жылдың 9 айында олардың саны 47 азаматтық істі құрады. 2016 жылы 9 айда 13 қылмыстық іс,  2017 жылдың осы кезеңінде 29 қылмыстық іс аяқталды. Өткен жылы медиация тәртібімен аяқталған әкімшілік істер болмаса, биылғы жылдың 9 айында медиация тәртібімен 15 іс аяқталды.

Іс-шара аясында судьялар келген азаматтардың қойған сұрақтарына жауап беріп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың әдістері туралы кеңінен түсінік берді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі