Төлеби аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Төлеби аудандық соты жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық сот ғимаратында «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шара негізінен халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру және сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында өткізілді.

Сот төрағасы Б.Кәрім келушілерді қызықтырған сауалдарына жауап беріп, заң талаптарына сәйкес медиация туралы түсіндірме берді.  

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі