Жаңалықтар

Түркістан соттары жаңа ғимаратқа көшті

15/02/2024

Түркістан облыстық, қалалық және қаланың мамандандырылған барлық 8 соты Сот әкімшілігі құрылысын аяқтап, пайдалануға берген жаңа ғимаратқа көшті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан мен Қырғызстан Жоғарғы соттарының төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Замирбек Базарбеков, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, облыс тұрғындары қатысты.

Сот органдарынан шығатын ресми іс-қағаздарға апостиль қою мемлекеттік қызметі

04/02/2024
Халықаралық қарым-қатынастардың көптеп дамуына байланысты бір мемлекеттің сот органдарынан шыққан құжатын екінші мемлекеттің аумағында ұсыну қажеттілігі туындап жатады. Құжаттың заңды маңыздылығын қалай растауға болады және ол үшін не қажет? «Апостиль» термині нені білдіреді?
Апостиль — құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.

Коммуналдық шығынды өндіру туралы дөңгелек үстел өткізілді

04/01/2024

Кентау қалалық сотының 2024 жылдың І жарты жылдығына арналған судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында дөңгелек үстелдер мен семинар сабақтар өткізу жоспарына сәйкес, коммуналдық шығынды өндіру туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

29/12/2023
Ресми құжаттарға апостиль қою-бұл құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқалығын куәландыру және оның өкілеттіктерін растау, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растау процесі.
Апостиль-бұл құжатқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқалығын куәландыратын және осы тұлғаның өкілеттігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.

Қылмыспен келген шығынды өндіру туралы іс медиация тәртібімен аяқталды.

28/12/2023
Түркістан облысы Кентау қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкер А. кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Аталған қылмыстық іспен жауапкер А. талап қоюшы А-ға 135 000 теңге материалдық шығын келтірген.
Талап қоюшы А. жауапкер А-дан 135 000 теңге материалдық шығынды өндіруді сұраған.

Қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

28/12/2023
Келес аудандық сотында талап қоюшы О.М. сотқа келтірген талап қоюында, жауапкер А.И-ден қарыз ақшаны өндіруді сұраған.
Тараптардан дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту бойынша жазбаша арыздары түскен.
Тараптардың арасындағы татуласу келісіміне сәйкес, жауапкер А.И. талап қоюшы О.М.-ға 1 500 000 теңге қарыз соммасын, 100 000 теңге өкілдің ақысын және баж салығына төлеген 20 000 теңгені, барлығы 1 620 000 теңге ақшаны 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін қайтаратын болып міндеттенген.

«Сот актілерінің орындалу барысы туралы» дөңгелек үстел өткізілді.

28/12/2023

Мақтаарал аудандық сотының хабарламасы бойынша:

Сотта «Сот актілерінің орындалу барысы туралы» дөңгелек үстел өткізілді.

        Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьясы Е.Сламбеков, жетекші маман Д.Оразымбетов, прокурор С.Усеев, сот орындаушылар: А.Қалдарбеков, Е.Тапиев, А.Кокишев, Е.Абдраманов, Н.Досыбекова, А.Қазақбаев қатысты.

Тараптармен татуласу келісім шарттары бекітіліп, азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.

27/12/2023

Талап қоюшы «Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сотқа келтірген талап қою арызында жауапкерлер Т.У,  Т.А-дан өз бетінше иеленіп алынған мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін қайтаруды талап ету және жер телімін бастапқы қалпына келтіруді сұраған.  

Түркістан қаласындағы мамандандырылған соттар арасында зияткерлік интеллектуалды ойыны өткізілді.

11/12/2023
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасы бойынша:
Түркістан қаласындағы мамандандырылған соттар арасында зияткерлік интеллектуалды ойыны өткізілді.

2023 жылдың 07 желтоқсанда Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 3-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды.

08/12/2023
Түркістан облысының Отырар аудандық сотының хабарламасы бойынша:
2023 жылдың 07 желтоқсанда Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 3-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды.
Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 13 қарашада құқық бұзушы ерекше қорғалатын табиғи аумақта, яғни Отырар орманшылығының №34 орман айналымының №55 орамында, аңшы қаруымен 1 дана қоянды атып, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, аң аулау қағидаларын бұзған.

Беттер